«Алматым– іңкәрім менің» фестиваліне биыл көрермендер билетпен емес, шарықтумен кіргізілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алматым– іңкәрім менің» фестиваліне биыл көрермендер билетпен емес, шарықтумен кіргізілмек

«Алматым– іңкәрім менің» фестиваліне биыл көрермендер билетпен емес, шарықтумен кіргізілмек

«Алматым – інкәрім менің» фестиваліне биыл көрермендердің билетпен емес, шақыртумен кіруіне болады. Ол үшін әлеуметтік желілер мен радио тораптарда үздіксіз жүргізіліп жатқан түрлі викториналарды қалт жібермеу қажет. 14-ші жыл қатарынан өткізіліп жатқан ретро мерекеге бұл жолы осындай өзгеріс енгізіліп отыр. Ал фестивальдің билығы тақырыбы – «музыкалық ринг» деп аталады. Яғни, жұлдыздар өзара ән жартысқа түседі.

  • 29 Тамыз 2013
  • 351
Фото - Caravan.kz

«Алматым – іңкәрім менің» фестивалінің басталуына небәрі 10 күн қалды. Сондықтан қазір кешті ұйымдастырушы топ та, оған қатысушы әншілер мен бишілер де дайындықты пысықтап жатыр. Әсіресе, дебютанттар алып сахнаға абыроймен шығу үшін барын салуда.

Гүлсәуле Өрімбаева, «Салтанат» би ансамблінің көркемдік жетекшісі:

— Құрылғанымызға 60 жыл болса да «Алматым – іңкәрім менің» сахнасына бірінші рет шықпақпыз. Сондықтан дайындық күшті. «Қара жорғаның» бар әдемілігін көрсету үшін тіпті арнайы киім де тіктірдік.

Әр жыл әр тақырыпты арқау ететін фестиваль биыл «музыкалық ринг» атауына таңдау жасаған. Демек әншілердің тағы бір мәрте ерекшеленуіне ерік берілмек. Бірақ тақырыбы өзгергенімен, ретро кештің тізгінін ұстаушылар өзгеріссіз. Нағима Есқалиева мен Сағынай Абдуллин.

Сағынай Абдуллин, «Алматым – іңкәрім менің» фестивалінің жүргізушісі:

— Алғаш фестиваль небәрі 500 көрерменмен ғана бастаған еді. Енді, міне, 7 мыңға жетіп отыр. Бұл сүйікті, ескі әндерді еске алу үшін бас қосатын орын.

Ал фестивальдің биылғы басты бір жаңалығы – билеттердің сатылымға түспейтіндігінде. Яғни, шақыртуға алмастырылған. 


Динара Тұрсынова, «Алматым – іңкәрім менің» ретро фестивалінің баспасөз хатшысы:

— Биыл билеттер ұтысқа түсуде. Ол үшін радио мен әлеуметтік желілерде арнайы викторина ойнатылып жатыр. Сондай-ақ, 26-шы тамыздан бастап almalove.kz. сайтында арнайы бөлім ашылды. Сол жерден тіркелу арқылы фестивальға шақырту алуға болады.

Сонымен, 7-ші қыркүйекте Алматы төріндегі Халықаралық трамплин кешенінде дәстүрлі ретро ән мерекесі өтеді. Әрине, аты әлемге әйгілі жұлдыз қонақтардың қатысумен. Бұл жолы 80-ші жылдардың шеруін бағындырған неміс әншісі – Сандра, қос швед тобы – «E-Type» пен «Army of lovers» және ресейлік Натали Алматыға келмек.