Алдағы дүйсенбіде Жоғарғы сот Челахтың шағымын қарайды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы дүйсенбіде Жоғарғы сот Челахтың шағымын қарайды

Алдағы дүйсенбіде Жоғарғы сот Челахтың шағымын қарайды

Арқанкергенде 15 адамды қырып салған Владислав Челахтың ісі қайта тергеуге жіберіле ме? Адвокат Серік Сәрсенов қыста өткен сот отырсында заңның белшеден басылғанын алға тартып, Жоғарғы сотқа арыз жолдаған еді. Соның жауабы келесі аптада берілмек.

  • 29 Тамыз 2013
  • 335
Фото - Caravan.kz


Жоғарғы соттың қылмыстық істер коллегиясы Челахтың жасаған қылмысына қатысты ұзаққа созылатын жаңа парақты ашуы мүмкін. Адвокат Сәрсенов бұған дейін өткізілген сот процесімен, апелляциялық сот отырысының шешімдері заңға қайшы деп арызданған. Осы тұста іс қайта тергеуге жіберіле ме жоқпа оның жауабы алдағы дүйсенбіде белгілі болмақ. Естеріңізге салсақ, Владислав Челах әскери соттың шешімімен өмір бойына абақтыға қамалған болатын. Оған қоса миллиондаған моральдық және материалдық шығынды өтеу де 20 жасар жігіттің мойнына ілінген.