Алматыда тапаншамен қаруланған топ мейрамханаға қарақшылық шабуыл жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тапаншамен қаруланған топ мейрамханаға қарақшылық шабуыл жасады

Алматыда тапаншамен қаруланған топ мейрамханаға қарақшылық шабуыл жасады

Алматыда мейрамханалардың бірін тонамақ болғандар құрықталды. Тапаншамен қаруланған топ тыңқылықты әзірленген көрінеді. Алдын-ала жұмыс уақытының аяқталуын күтіп, мекемеде еден жуушылардан өзге ешкімнің жоқтығына көз жеткізген. Кейін дәмханаға 8 баса-көктеп кіріп, қызметкерлерге шабуыл жасапты. Абырой болғанда, атылған оқ даусын жақын маңда жүрген тәртіп сақшылары естіп, оқиға орнына жеткен.

  • 29 Тамыз 2013
  • 386
Фото - Caravan.kz


Мейрамхана әкімшісі:

— Қайта атыстан кейін тәртіп сақшылары тез келді. Жеткендері сол еді, бұзақылар қашып құтылды. Сегіз жігіт болған, тек үшеуін ұстап отыр ғой қазір.

Мейрамхана әкімшілігінің айтуынша, 8 мәрте оқ атылыпты. Тонау кезінде, жұмысшылардың дені ас үйге қашып құтылғандарын айтады. Бірақ, бұзақылар оны да қоймай есіктерін бұзып кіріп, қорқытуларын ары қарай жалғастырған. Қазір қарақшылық шабуыл жасаған 8 қылмыскердің 3-уі қолға түсті. Анықталғандай қаскөйлер жұмыссыз, біреуі ұрлығы үшін сотты болған екен. Барлығы уақытша тергеу абақтысына тоғытылды. Ал участкелік полициядан сытылып үлгерген 5-азаматты тәртіп сақшылары іздестіруде.