Санкт-Петерборда Қазақстан, Беларусь, Ресей және Украина ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Санкт-Петерборда Қазақстан, Беларусь, Ресей және Украина ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Санкт-Петерборда Қазақстан, Беларусь, Ресей және Украина ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Санкт-Петерборда Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің арасында ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді.

  • 29 Тамыз 2013
  • 2138
Фото - Caravan.kz

Ресейдің Шаруа қожалықтары мен ауылшаруашылық кооперативтері қауымдастығының президенті Владимир Плотников аталмыш төрт ел шаруаларының ынтымақтастық жөніндегі меморандумын тарихи оқиға деп атап өтті.

«Қазіргі заманда өз мүдделеріңді жалғыз жүріп қорғау мүмкін емес, шаруашылық ұйымдарының күш біріктіруі — заман талабы», — деп санайды Плотников.

Төрт елдің шаруалары ауылшаруашылық өнімінің бағасын қалыптастыру және оны жүзеге асыру, делдалдардың үстемдігін жою, ДСҰ талаптарына сай бәсекелестікке тең мүмкіндіктер жасауға қол жеткізу, ауылды жерлерге жастарды тарту сынды ортақ мәселелерді шешу жолдарын бірге іздейтін болады.