О дүниеден орала ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
О дүниеден орала ма?

О дүниеден орала ма?

Бірде шәкірт ұстазынан:

  • 29 Тамыз 2013
  • 1151
Фото - Caravan.kz

— Сабын көпіршігі жарылған соң қайта қалпына келмегені секілді, қайтыс болған адам да қайта дүниеге оралмайды, сонда ол қайда жоғалып кетеді? — деп сұрады.

— Көпіршік судан тұрады, — деді ұстаз, — бірақ көпіршік жарылған кезде, оны құрап тұрған су жоғалып кетпейді ғой. Адам өлген кезде адамды адам қылып, барлық молекулалардың басын құрап ұстап тұрған рух та мүлдем жоқ болып кетпейтіні белгілі емес пе?!  Ендеше неге сен мұндай сұрақ қоясың?

— Егер сіздің айтқаныңыз рас болса, онда оны қайта құрастырып, менің көзіме көрсетіңізші, — дейді шәкірті.

— Сен ертеңнің болатынына сенесің бе? — деп сұрады ұстазы одан.

— Әрине!


— Онда сол ертеңді маған көрсетші,- деді ұстазы.

— Ертең әрине келеді, бірақ қазір емес, — деді шәкірт.

— Қазір сенің ертеңді көрсете алмауың, ертеңді мүлде жоқ деген сөз емес қой. Егер сен өз болмысыңды тани алмасаң, ол сенің мүлде жоқ екеніңді дәлелдей алмайды. Дәл қазір сенің алдыңда киім киген, тамақ ішетін, жүретін, тұратын, отыратын, жататын нәрсе тұр, бірақ сен оның не үшін жаралғанын білмейсің. Сені адасқан адам, ақымақ деп атауға толық болады. Егер сен бүгін мен ертеңнің арасын ажырататын болсаң,  онда сен өз-өзіңді тани алмайсың да, сен үшін мына мәңгі өмірдің еш мағынасы жоқ деген сөз.

Авторы: Жүрсін Кәрім