Белурасьтың Гродно қаласында «Қазақ киносының апталығы» өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белурасьтың Гродно қаласында «Қазақ киносының апталығы» өтіп жатыр

Белурасьтың Гродно қаласында «Қазақ киносының апталығы» өтіп жатыр

2013 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы мерекесі қарсаңында «Гродно» қаласының жетекші кинотеатрларының бірінде Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Ерғали Бөлегенов және Гродно облыстық атқарушы комитетінің төрағасы Игорь Жук салтанатты жағдайда, Қазақстан Республикасының Елшілігімен ұйымдастырылған «Қазақ киносы апталығын» ашты.

  • 29 Тамыз 2013
  • 435
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Өзінің құттықтау сөзінде Елші, аталған іс-шараның қазақстан-белорус арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі бекіте түсетіндігін атап өтті. «Фильмдердің көрсетілімі белорус көрермендеріне тәуелсіздік алған жылдан бергі қазіргі заманғы Қазақстанмен оның жетістіктері және табыстары, қазақ халқының мәдениеті және тарихымен тереңірек таңысуға жол ашуы қажет. Фильм жанрларының алуан түрлі болуы Қазақстанды әр қырынан танып білуге мүмкіндік береді», — деді.

Өз кезегінде Игорь Жук Қазақстан Республикасының Елшілігіне белорус көрермендерін Қазақстанның қазіргі заманғы киноматографиясымен танысуға мүмкіндік беретін, осындай іс-шара ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, алдағы уақытта да екі ел арасындағы қарым-қатынасты кеңейту мен нығайта түсуге араналған әр түрлі сипаттағы басқа да іс-шараларды өткізу қажеттілігін атап өтті.

Қазақ киносының апталығы көреремендерге Қазақстан Республикасы Президенті өмірбаянының белгісіз кезеңдерімен танысуға мүмкіндік беретін «Балалық шағымның аспаны» кинокартинасын көрсетуден басталды. Фильм көрермендермен жылы қабылданды.


Іс-шараға Гродно облыстық атқарушы комитетінің, Гродно қалалық және аудандық атқарушы комиттерінің басшылығы, Гродно облысының және Гродно қаласының саяси және қоғамдық шеңберінің төрағалары, Беларусь Республикасында тіркелген шет елдердің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, бизнес құрылымдардың өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Олар сонымен бірге, «Октябрь» кинотеатрының фойесінде орналасқан Қазақстанға арналған фотокөрмемен танысты.

Қазақ киносының апталығы 2013 жылғы 1 қыркүйекке дейін жалғасады. «Балалық шағымның аспаны» картинасынан басқа көрермендер назарына «Қыз жібек», «Жаужүрек Мың Бала», «Қош бол, Гүлсары», «Жерұйық», «Подарок Сталину» және «Сказка о розовом зайце» фильмдері ұсынылады.

Перейти к новостям спорта