AMOS4 серігі бар "Зенит" зымыраны бейсенбіде Байқоңырдың №5 ұшыру алаңшасына орнатылды, деп хабарлады ғарышжайдағы дереккөз.
Оның айтуынша, "Зенит"зымыранының ерекшелігі сол, зымыранды орнату үрдісі мен коммуникациялардың түйістірілуі толықтай автоматтандырылған.
ДМ-SLБ айдаушы блогы мен израильдік "Амос-4" телекоммуникациялық серігі бар "Зенит-3М" зымыранын 1-қыркүйек күні мәскеулік 00:05 сағатта ұшыру көзделген.