"МЖЗҚ" жинақтаушы зейнетақы қоры атауының өзгертілуіне орай қайта мемлекеттік тіркеуден өтті, ол енді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) деп аталмақ, деп хабарлады қордың баспасөз қызметінен.
Зейнетақы қорын 2013 жылы 22-тамыз күні Алматының Бостандық ауданының әділет департаменті қайта тіркеуден өткізді.
Демек, БЖЗҚ жұмысын бастағанына бір апта уақыт болды.
МЖЗҚ базасында құрылған БЖЗҚ-на сондай-ақ Халық банктің ЖЗҚ, "Грантум" ЖЗҚ және "ҰларҮміт" ЖЗҚ қосылмақ. Қазір осы төрт қор қазақстандық зейнеткерлік рыноктың 75% бақылауға алып отыр.
БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері республика үкіметі атынан қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, қордағы зейнеткерлік активтерді Қазақстан Ұлттық банкі басқармақ.