Ақмола облысында шаштаразын кеңейтемін деген кәсіпкер жасыл желекті аяусыз отап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында шаштаразын кеңейтемін деген кәсіпкер жасыл желекті аяусыз отап тастады

Ақмола облысында шаштаразын кеңейтемін деген кәсіпкер жасыл желекті аяусыз отап тастады

Ақмола облысында шаштаразын кеңейтемін деген кәсіпкер жасыл желекті аяусыз отап тастаған. Бұл ағаштарды Щучье қаласының тұрғындары 40 жыл бұрын егіп, күтіп-баптап өсірген. Кәсіпкер Сергей Иванов болса қасына полиция өкілдерін ертіп жүріп, бәйтеректерді бір-ақ күнде сұлатқан. Енді сол маңның тұрғындары қалған 5 түп ағаштарын қызғыштай қорып жүр.

  • 30 Тамыз 2013
  • 434
Фото - Caravan.kz

Мына шаштараз запастағы полиция подполковнигі Сергей Ивановқа тиесілі. Кәсібін кеңейтуге кедергі келтірген ағаштарды шауып тастаған. Оған тұрғындар оңайшылықпен келісім бермесін біліп, қасына учаскелік инспекторды ертіп, алдымен мәжбүрлеп жұртқа қол қойдырыпты.

Светлана Головко, Щучье қаласының тұрғыны:

— Бір де бір тұрғын іс жүзінде келіспей тұр. Иванов участкелік полициямен келіп, қысым жасады. Бәріміз де, қорыққанымыздан қол қойдық.

Салтанат Қажығалиева, Щучье қаласының тұрғыны:

— Әкімге барып жатыр ғой, пенсионерлердің бәрі шапқылап жүр. Халықтың сөзі биікте отырғандарға керек емес. Халықпен олар санаспайды.

Кәсіпкер егер шаштаразына ғимарат жалғаса, жол тарылып, өрт сөндіру мен жедел жәрдем көліктері үйге жолай алмай қалады. Бірақ өзі  құжаттарым заңды, қалған ағаштарды да кесіп, кәсібімді кеңейтемін деп отыр.


Сергей Иванов, кәсіпкер:

— Барлық құжаттарым бар, заңды. Әкімдік рұқсат еткен. Сондықтан, бәрібір осы ғимаратты кеңейтемін. Жолды бәрін жөндеп, осы маңайды гүлдендіріп қоям.

Жиналған жұртты әсіресе, енді ғана тағайындалған қала әкімінің жауабы таң қалдырды. Ол құрылысты тоқтатуға құзырым жүрмейді дейді. 

Біржан Хасенеев, Щучье қаласының әкімі:

— Құрылыс жеке бөлім. Оның маған еш қатысы жоқ. Сондықтан, бұл жағына мен жауап бермеймін.  

Тұрғындар ағаш оталмай тұрып, прокуратураға да шағым түсірген. Әзірге, кәсіпкердің ағашты отауға және құрылыс жүргізуге қалай рұқсат алғандығы тексерілуде. Ал Иванов болса, ағашты отап, жылдамдатып шаштаразының іргетасын қалап жатыр.