«Нұр Отан» партиясының хатшысы Е. Қарин қызметінен босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Нұр Отан» партиясының хатшысы Е. Қарин қызметінен босатылды

«Нұр Отан» партиясының хатшысы Е. Қарин қызметінен босатылды

Билік партиясында ауыс-түйіс! Бүгін «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ерлан Қарин қызметінен босатылды. Партияның баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ол шетелден тәжірибе жинап келмек. 

  • 30 Тамыз 2013
  • 464
Фото - Caravan.kz


Алайда, саясаткердің өзі әлеуметтік желідегі жеке парақшасында шығармашылық демалысқа кетіп бара жатқанын жазыпты. Жалпы, Қарин 5 жылға жуық билік партиясының хатшысы болды. Енді оның орнына  уақытша Болат Берсебаев тағайындалып отыр. 36 жастағы жаңа хатшыға да «Нұр Отанның» ішкі жүйесі тансық емес. Өйткені, Берсебаев күні кешеге дейін партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің кеңесшісі болып келген. Сондай-ақ, ол «Болашақ» степендиясының иегері, Қауіпсіздік Кеңесінде, Президенттің баспасөз қызметінде де жұмыс істеген.