Суға деп бөлінген қаржыны суша сімірген тағы бір шенеунік ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Суға деп бөлінген қаржыны суша сімірген тағы бір шенеунік ұсталды

Суға деп бөлінген қаржыны суша сімірген тағы бір шенеунік ұсталды

2011-2012-жылдары Су ресурстары комитеті бастығының орынбасары болған Арман Құмашев бюджеттің 1 жарым млрд. теңгесін жымқырған деп айыпталуда. Ол Қарағанды облысындағы Сәтпаев каналыүшін сатып алынған құрал-жабдықтың бағасын көтермелеп, қыруар қаражатты қалтасына басыпты.

  • 30 Тамыз 2013
  • 444
Фото - Caravan.kz


Міне, мына кадрде Арман Құмашевтің қолына кісен салынған сәт анық көрінеді. Қаржы полициясы оны тергеуге шақырып, сол жерде қамауға алған екен. Құлқыны кең шенді 1 жарым млрд. теңгені місе тұтпаса керек, Сәтпаев каналын жөндеуге бөлінген қаржығы қайта қол салмақ болған. Айта кетейік, Құмашев осымен 2-ші рет тұтқындалып отыр. Былтыр да осындай айыппен қамауға алынып, алайда, 3 айдан соң босатылған-ды. Естеріңізге салсақ, бұл Су ресурстары комитетінде шығып отырған алғашқы жемқорлық дауы емес. 2009-шы жылы комитетті 7 жыл бойы басқарған Анатолий Рябцев дәл осы Сәтпаев каналын жөндеуге бөлінген қаржыны жеке пайдасына жаратып, 4 жылға сотталған болатын.