Оқыс оқиға сейсенбі күні «ҚазақЖарылысӨндіріс» акционерлік қоғамының цехында, снарядтарды порохтан тазарту кезінде орын алған болатын. Бір жұмысшы сол жерде қаза тапса, 36 жастағы азаматша ауруханада жан тапсырды. Денесін күйік шалған тағы 5 адам ауруханаға жеткізілген еді. Оның біреуінің жағдайы ауыр болған. Ақыры сол күйі беті бері қарамай, жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қайғылы жағдайға душар болғандар әскерилер емес, жергілікті тұрғындардан құралған жұмысшылар. Қазір еліміздің Әскери прокуратурасы осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары жүріп жатыр.