2030 жылға қарай Ресей қағаз төлқұжаттардан толық бас тартпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2030 жылға қарай Ресей қағаз төлқұжаттардан толық бас тартпақ

2030 жылға қарай Ресей қағаз төлқұжаттардан толық бас тартпақ

2030 жылы Ресейде қағаз төлқұжаттар толық электронды карталарға ауыстырылады. Бұл туралы Федаралды көші-қон қызметінің басшысы Константин Ромодановский мәлім етті, деп жазады ВВС.

  • 30 Тамыз 2013
  • 379
Фото - Caravan.kz

«2030 жылдан бастап электронды карта РФ азаматын куәліктендіретін жалғыз құжат ретінде болады»,-деді шенеунік.

Аталған картада фотосурет, азаматтың аты-жөні, сондай-ақ арнайы чипте мекен-жайы туралы ақпарат бекітіледі. Мұнымен қоса онда сақтандыру нөмірі, сандық қолтаңба белгіленеді және саусақ іздері үшін де орын болуы мүмкін.

Федаралды көші-қон қызметі басшысының сөзінше, төлқұжаттың орнына электронды карталарды шығару 2016 жылдың 1 қаңтарынан басталады екен.