Қостанайда мереке қалалық шахмат турнирінен басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда мереке қалалық шахмат турнирінен басталды

Қостанайда мереке қалалық шахмат турнирінен басталды

Конституция күні Қостанайда жаппай мерекелік шаралармен өткізілуде.

  • 30 Тамыз 2013
  • 360
Фото - Caravan.kz

Кеше жұртшылық өкілдерінің салтанаты жиналысы өтті. Оған қатысқан Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов еліміздің Негізгі заңы қоғамның дамуына жағдай жасап, Қазақстан азаматтарына тең құқық пен еркіндік кепілдігін бергенін атап өтті.

Әкімнің пікірінше, елмен бірге облыс та дамып келеді. Осы жылы облыс орталығының Жеңіс саябағында қарулы техника мұражайы, Жастар желекжолы, таяу күндері жаңа жағалау, Федоровка ауылында Тәуелсіздік алаңы ашылған.

«Ағымдағы жылдың жеті айының қорытындысы өңір экономикасының тұрақтылығын көрсетеді, — деп атап өтті Н.Сәдуақасов. — Автомобиль өндірісі 7 айда 2,6 есе өсті. Биылғы жылы облыста 34,7 млрд. теңгені құрайтын 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр, олардың төртеуі пайдалануға берілді».

Жиын барысында Конституцияның дамуы мен негізінің қалыптасуына қосқан үлесі үшін облыс әкімінің грамоталарына мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау саласының өкілдері ие болды.


Жиын аяқталысымен үлкен концерт өтті. Оған облыстық прокуратура хоры қатысып, «Атамекен» әнін орындады.

Ал бүгін Қостанайда мереке таңертең қалалық шахмат турнирінен басталды. Сити-орталық алаңында қостанайлықтар мен қала қонақтары «Конституция — тәуелсіз Қазақстанның кепілдігі» деген атпен өтіп жатқан концерттік бағдарламаны тамашалауда.