Қырғыз елінде оба ауруының тіркелуіне орай Алматы облысында обаға қарсы іс-шаралар күшейтілді - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз елінде оба ауруының тіркелуіне орай Алматы облысында обаға қарсы іс-шаралар күшейтілді

Қырғыз елінде оба ауруының тіркелуіне орай Алматы облысында обаға қарсы іс-шаралар күшейтілді

Қырғызстанда оба ауруының тіркелуінне байланысты Алматы облысында эпидемияға қарсы тұру іс-шаралары күшейтілді.

  • 31 Тамыз 2013
  • 662
Фото - Caravan.kz

«Кеген» өткізу бекетінде мемлекеттік шекараны кесіп өтетін тұлғаларға санитарлық-карантиндік бақылау жүргізу үшін облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті мен Райымбек аудандық орталық аурухананың мамандарының күшімен кезекшілік ұйымдастырылды.

Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мамандары, М.Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зоонозды инфекциялар ғылыми орталығының ғылыми қызметкерлері және Талдықорған обаға қарсы стансасының дәрігерлері «Кеген» өткізу бекетінде болып, кеден және шекара қызметі мамандарымен жедел жұмыс кеңесін өткізді.

Қырғыз Республикасының шектес аумағындағы оба дертінің ушығып тұруына байланысты Талдықорған обаға қарсы стансасының күшімен Райымбек ауданының шекараға тақау қоныстанған ауылдарын шұғыл зарарсыздандыру жоспарлануда.


Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанның Ыстықкөл облыстарына қарасты ауылдардың бірінде 15 жастағы жеткіншек оба дертінен көз жұмған болатын.