Көкшетау қаласына жаңа әкім тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Көкшетау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Көкшетау қалалық мәслихатының XIX кезекті сессиясында облыс әкімі Қосман Айтмұхаметовтің өкімімен Жарқын Жұмағұлов Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалды.

  • 31 Тамыз 2013
  • 451
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Көкшетау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жарқын Жанғожаұлы Жұмағұлов 1967 жылы туған. Екі жоғары білімі бар, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты. Алғаш еңбек жолын 1988 жылы Көкшетау облысы Зеренді ауданы Подлесное совхозында жұмысшы болып бастады. Одан әрі «Риока» ЖШС басшысының орынбасары, «Жұмағұлов және К» толық серіктестігінің басшысы болды. Бұдан кейін «Астана-Зеленстрой» АҚ құрылыс жұмысын басқарушы, бас агроном болып қызмет атқарды. Әр жылдары «Астана орманы» МКК басшысы, «Астана-Зеленстрой» АҚ бас директоры лауазымдарында еңбек етті. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «Астана-Зеленстрой» АҚ басқарма төрағасы болып қызмет істеді.

Қала активіне жаңа әкімді таныстыра келіп, облыс әкімі Қосман Айтмұхаметов осы өңірдегі алдыңғы кезекте шешуді қажет ететін міндеттерге қысқаша тоқталып өтті.