Қазақ археологтары тарихи құнды жәдігер тауып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ археологтары тарихи құнды жәдігер тауып алды

Қазақ археологтары тарихи құнды жәдігер тауып алды

Қарағандылық археологтар облыс аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жыл соңына дейін 11 ескерткіш жөнделмек. Соның бірі - Байдалы би Бекшеұлының кесенесі.

  • 2 Қыркүйек 2013
  • 523
Фото - Caravan.kz

Бұл мақсатқа мемлекет қазынасынан 15 миллион теңге бөлініп отыр. Археологтар кесенені қалыпқа келтіру кезінде балбал тас тауып алды. Тарихшылар бұл тас шамамен біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда қойылған құнды жәдігер деседі. Бұл туралы «Хабардың» сайтынан мәлім болды.

Қушоқы тауынан бастау алып, Ертіс алабындағы Шығанақ көліне құятын Шідерті өзенінің арналы тұсы бұл. Сонау жылдары «Ертіс-Қарағанды» каналы осы өзеннің бойымен өткендіктен, бұл маң тегіс су қоймасының астына кеткен. Сөйтіп, жылдар ішінде айдын көл пайда болады. Сол көлдің ортасындағы аралда Байдалы би жерленген. Әділ би, дуалы ауызды шешен болған Байдалы бидің төрелігіне жұрт бас иген. «Сегіз биім, сегіз биімнің ішіндегі семіз биім», — деп Абылай хан баға беретін Байдалы би 95 жасында дүниеден озады. Мазары шамамен 1820 жылдары салынған болуы керек. Бастапқы қалпынан тек іргетасы ғана сақталған. Қазір кесенені қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Аралды қоршаған жасанды су қоймасының тереңдігі 7 метрге жуықтайды. Бір ерекшелігі, су деңгейі жыл сайын көтерілсе де төбе басын ала қоймаған. Бұл да болса Байдалы би жерленген жердің киесін аңғартса керек. Археологтар зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде осы маңнан балбал тас тауып алды. Тарихшылар бұл сонау түркі заманына тиесілі болуы мүмкін дегенді айтады.

Археологтар құнды жәдігерді облыстағы тарихи-өлкетану мұражайына тапсыруды жоспарлап отыр.

Перейти к новостям спорта