ФУТБОЛ: Кака «Миланға» оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ФУТБОЛ: Кака «Миланға» оралды

ФУТБОЛ: Кака «Миланға» оралды

Мадридтің «Реалы» мен «Милан» клубтары бразилиялық жартылай қорғаушы, 2007 жылғы әлемнің үздік футболшысы Каканың трансфері жөнінде уағдаластыққа келді, деп хабарлайды Еуроспорт.

  • 2 Қыркүйек 2013
  • 329
Фото - Caravan.kz

Итальяндық ақпарат көздері бұл туралы жарысып жазуда. Бейресми ақпарат бойынша, «Реал» басшылығы Каканы «Миланға» тегін беруге келіскен екен.

Бразилиялық, өз кезегінде, «россонеримен» екіжылдық келісімшартқа қол қойып, маусымына бес миллион еуро алып отырады.

Кака «Милан» сапында 2003-2009 жылдары өнер көрсеткен.