«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автошеруінің экипажы Қазақстанға келді - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автошеруінің экипажы Қазақстанға келді

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автошеруінің экипажы Қазақстанға келді

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автошеруінің экипажы Қазақстанға келді. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Автошеруге қатысушылар Ақтөбе облысының шекарасына келіп жетті. Бұл - автокеруеннің Қазақстан Республикасының аумағымен өтетін бағытының алғашқы пункті.

  • 2 Қыркүйек 2013
  • 390
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе облысына сапары барысында экспедиция мүшелері «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» автомагистралінің құрылысы барысымен және жолдарды пайдалануды басқару жұмыстарымен танысады. Сондай-ақ, қонақтар аталған учаскенің құрылысында қолданылып жатқан жол техникаларымен де танысатын болады.

Халықыралық көлік дәлізінің Ақтөбе облысының аумағымен өтетін бөлігінің жалпы ұзындығы 628 шақырым болса, бүгінгі күні соның 488 шақырымы салынған. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан қалған 140 шақырым учаскені ағымдағы жылы аяқтау көзделген.

Ақтөбе облысының аумағымен өтетін учаске құрылысы Еуропалық Қайта Құру және Даму банкі мен республикалық бюджеттен қаржыландырылуда.

«Батыс Еуропа — Батыс Қытай» жобасының аясында Ақтөбе облысында I және II техникалық санаттағы жолдар, 19 көпір, 13 мал айдап өтетін орын, 3 екідеңгейлі жол айырығы және 2 жол өтпесі салынуда.


Қазіргі уақытта облыстағы ең ұзын (300 м) көпірдің құрылысы аяқталуда. Бұл көпір Елек өзені бойымен өтеді және Қазақстан мен Ресей арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

Мұның сыртында, магистраль құрылысын жобалау барысында транзиттік көлік ағынының Ақтөбе қаласын айналып өтуін көздейтін айналма жол салу жобаланған. Оның құрылысы 2013 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.