Қазақстанда 2013 жылы тамыз айында өмір сүру шегі 19 мың 351 теңгені құрады.
Бұл көрсеткіш 2013 жылдың шілдесімен салыстырғанда 5,9%-ға, 2012 жылғы тамызбен салыстырғанда — 7,3%-ға артты, деп статистикалық агенттік мәлімдеді.
Тамыз айында өмір сүру шегінің жалпы көрсеткішінде азық-түлік тауарлар үлесі 11 мың 611 теңге, азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызмет 7 мың 740 теңгені құрады.
Өмір сүру шегі құрылымында ет пен балық сатып алу шығынының үлесі 20,8%, жеміс-жидектер мен көкөністер – 16,4%, сүт, майлы өнімдер мен жұмыртқа — 14,%, нан өнімдері мен жарма өнімдері — 6,9%, қант, шай мен дәмдеуіштер – 1,9%.
Өмір сүру шегі былтырғы айда 13 жасқа дейінгі балаларда 17 мың 87 теңге, 14-17 жастағы жасөспірім балаларда — 24 мың 65 теңге, осы жастағы қыздарда — 18 мың 437 теңге, еңбекке жарамды ер адамдарда — 22 мың 736 теңге, әйелдерде — 18 мың 41 теңге, зейнеткерлер мен қарттарда — 17 мың 879 теңгені құрайды.