"Прайм Плаза" басшылығы Қайрат Нұртасты кінәлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Прайм Плаза" басшылығы Қайрат Нұртасты кінәлап отыр

"Прайм Плаза" сауда-ойын сауық орталығының әкімшілігі Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікке әнші Қайрат Нұртас кінәлі деп есептейді.
           "Прайм Плаза" сауда орталығының бүгінгі хабарламасына сәйкес, тәртіпсіздіктің басталуына әншінің концертті ерте тоқтатуы себеп болған.
           "Қайрат Нұртас бір өлең айтқан соң әрі қарай өнер көрсетуді тоқтатып, концерт алаңынан кетіп қалуы көрермендердің наразылығын туғызып, соңы тәртіпсіздікке ұласты», - делінген хабарламада.
           Әншінің өнер көрсетуден бас тартуына айтарлықтай себеп болған жоқ, бұған жазылған бейнежазбалар куә. Егер Қайрат Нұртас кәсібилік танытып, концертті жалғастырған болса, бәрі ойдағылай болар еді», - дейді сауда орталығындағылар.
           Хабарламада алдағы концертте адам көп болатынын білгендіктен сауда орталығы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолбанғаны айтылған.
           Сауда орталығы Әуезов ауданының әкімдігіне хат жолдап, концерт кезінде құқықтық тәртіпті сақтау және жол апатын болдырмауға қолдау көрсетуді сұраған.
           29 тамызда жауап хат келген. Шара өткізу барысында ІІД жеке құрамнан 150 адам және жол полициясынан үш экипаж бөлу туралы шешім қабылдаған.
           Сенбі күні кешкісін «Прайм Плаза» сауда орталығының көлік тұрағы аумағында қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың жанкүйерлері бүлік шығарған. Олар сахнаға, одан кейін бір біріне тас, пластик бөтелкелер лақтырған. Бірнеше көлікке зиын келтірілген.
           Тәртіп сақшылары ол аумақты қоршауға алып, бүліктің ең белсенді қатысушыларын тұтқындаған.
           Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
           Осы оқиға салдарынан 90 адам зардап шекті, сегізі ауруханаға түсті.

  • 2 Қыркүйек 2013
  • 837
Фото - Caravan.kz

"Прайм Плаза" сауда-ойын сауық орталығының әкімшілігі Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікке әнші Қайрат Нұртас кінәлі деп есептейді.

           "Прайм Плаза" сауда орталығының бүгінгі хабарламасына сәйкес, тәртіпсіздіктің басталуына әншінің концертті ерте тоқтатуы себеп болған.
           "Қайрат Нұртас бір өлең айтқан соң әрі қарай өнер көрсетуді тоқтатып, концерт алаңынан кетіп қалуы көрермендердің наразылығын туғызып, соңы тәртіпсіздікке ұласты», — делінген хабарламада.
           Әншінің өнер көрсетуден бас тартуына айтарлықтай себеп болған жоқ, бұған жазылған бейнежазбалар куә. Егер Қайрат Нұртас кәсібилік танытып, концертті жалғастырған болса, бәрі ойдағылай болар еді», — дейді сауда орталығындағылар.