Қазақстан мен Индонезия әуе қатынасын ашу туралы келісуде - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Индонезия әуе қатынасын ашу туралы келісуде

Қазақстан мен Индонезия әуе қатынасын ашу туралы келісуде

Қазақстан мен Индонезия әуе қатынасын ашу туралы келісуде, деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
           «Біз елдеріміз арасында, Қазақстан мен Индонезия қалалары арасында әуе қатынасын ашу қажеттігін айттық», - деп Н.Назарбаев Индонезия Президенті Сусило Бамбанг Юдойономен кездесу қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемені оқу кезінде атап көрсетті.
           Бұл елдеріміз арасындағы өзара туристік сапарды ынталандырады, дейді президент.

  • 2 Қыркүйек 2013
  • 393
Фото - Caravan.kz


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Индонезиямен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуды қалайтынын айтты.
           «Сіздің сапарыңыз біз үшін өте маңызды. Ол Қазақстан мен Индонезияның ынтымақтастығын дамыту үшін жаңа серпіліс береді. Біз Индонезиямен қарым-қатынасымқа үлкен қызығушылық танытамыз», — деп Н.Назарбаев бүгін Астанада Индонезия Президенті Сусило Бамбанг Юдойономен кездесу кезінде атап көрсетті.
           Қазақстан президенті қазіргі кезде сауда, мәдени алмасу, көлік және өзге салаларды дамыту үшін еш кедергі жоқтығын айтады.
           Индонезия президенті Қазақстанмен ынтымақтастықты әр қарай кеңейтуді жақтайтынын білдірді.