СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

«Астананың» лидері Винченцо Нибали супервелодода «Вуэльтаның» 9- кезеңінде жетінші нәтиже көрсетті.  Бұл кезеңнің бас бәйгесін ресейлік велокоманда «Катюшаның» сапында өнер көрсетін италиялық велошабандоз Даниэль Морено иеленді.

  • 3 Қыркүйек 2013
  • 252
Фото - Caravan.kz

Мәреге Мореномен  үзеңгі қағысып жеткен оның отандастары Алехандро Вальверде мен Хоаким Родригес екінші және үшінші орындарды бөлісті.

Бүгінгі кезеңнің қорытындысы бойынша Даниэль Морено көш тзігін қолға алса, «Астананың» капитаны Нибали үшінші орынға сырғыды.  Үстіндегі қызыл жейдені «Катюшаның» өкіліне табыстаған  Николас Роч әзірге екінші орында.  Ирландық велошабандоз жеңімпаздан  бірер секундтай қалып келе жатса,  Нибали 20 секундқа  кешігуде.

 

 

Нью-Иоркте  өтіп жатқан АҚШ-тың ашық чемпионатында қазақстандық теннисшілер қалмады. Еліміздің бірінші ракеткаксы Галина Воскобоева екінші , ал Ярослава Шведова мен Михайл Кукушкин   үшінші раундта сүрінді. Галина мен Ярославаны жарыс жолынан Серена Уильямс шеттетсе, Михайл испаниялық Давид Ферерге жол берді.

Жекелей сында жолы болмаған жерлестеріміз жұптық доданның ортасынан да шығып қалды. Есесіне әлемнің үздік теннисшілері өзгелерге дес беретін түрі жоқ. Қазақстандық қос теннисшіні жарыстан қуып шыққан Серена, кезекті жарыс күні өзінің отандасы Слоан Стивенсті ұтты. Есеп 6:4 ,6:1.   US опеннің былтырғы жеңімпазы, британдық Энди Маррэй үшінші айналымда неміс Флориан Майерден басым түсті.  2 сағатқа созылған бәскенің нәтижесі 7:6,6:2, 6:2. Одан  өзге мықтылар да қалысар емес. Новак Джокович, Рафаэль Надаль және Роджер Федерер де ширек финалдан орын тепті.

 


 

Дзюдодан  Рио де Жанейрода аяқталған әлем чемпионатында Қазақстанның белді балуаны Максим Раковқа медаль бұйырмады.   Еліміздің абыройын асқақтатқан тек Азмат Мұқанов болды.  66 келіде белдескен Азаматтың еншісінде  күміс жүлде.

Жерлесіміз ақтық сында Лондон олимпиадасының қола жүлдегері жапониялық балуан  Масаси ЭБИНУ МАДАН ұтылды. 60 келіде өнер көрсеткен Елдос Сметов пен Асхат Тельманов өзара жетінші орынды бөліссе, 73 келі тартатын Дастан Ықыбаев бесінші орынды қанағат қылды.  Ал Сергей Лим, Ислам Бозбаев,Дәулетхан Жақыпов, Максим Раков және Ержан Шынкеевті жоғары орындардан көре алмадық. Чемпионаттың соңғы күні командалық жарыс өтті. Мұнда да жолымыз бола қойған жоқ. Жігіттер ә дегеннен Оңтүстік Кореядан жеңіліс тапса, бірінші кездесуде  АҚШ-ты  ұтқан еліміздің әйелдер құрамасы ширек сында Жапонияға жол берді.