Кино басында көзге үйреншікті американдық комедия болып көрінгенімен, өте әсерлі. 5 дос ұзақ жылдардан соң өздері туып-өскен қалашықтарына оралады. Ендігі 3-4 баланың әкесі атанса да, бұрынғы сыныптастар мектеп қабырғасындағы шалалықтарын қайта жасайды.
Фильмде кейіпкерлер барынша бала тәрбиесіне көңіл бөлуге тырысады. Солай бола тұра, балаша асыр салып, ойнай жөнеледі. Тіпті, көше ортасында тұрып әзілдеуден кет әрі емес.
Комедия адамға жайдары көңіл-күй сыйлап, әрі қарай түрлі шытырман оқиғаларымен қызықтырып әкетеді.
Нариман Әбиев, «Меломан» компаниясының қызметкері:
— Фильм 16 жастан жоғары көрермендерге арналған. Сыныптастар жайлы қызықты комедия. Басты рөлде Адам Сэндлер. Келіңіздер, көріңіздер.
Режиссер Стивен Найттың бұл атақты комедиясында-Сальма Хайек, Кевин Джеймс те ойнайды. Фильмнен кейін әрбір көрермен өзінің бұрынғы сыныптастарын еске алары анық. Ендеше достар жайындағы американдық комедияны кинотеатрлардан сіз де жіберіп алмаңыз. Көңіл көтеріп, күлкіге қарық болыңыз.