«Алматым – іңкәрім менің» фестивалінің қауіпсіздігін 2 мыңдай тәртіп сақшысы қадағалайды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алматым – іңкәрім менің» фестивалінің қауіпсіздігін 2 мыңдай тәртіп сақшысы қадағалайды

«Алматым – іңкәрім менің» фестивалінің қауіпсіздігін 2 мыңдай тәртіп сақшысы қадағалайды

7-ші қыркүйекте Алматы төрінде өтетін ретро фестивальдің қауіпсіздігі күшейтілген режимде бақыланада. Кештің тыныш өтуін шамамен 2 мыңға жуық сақшы қадағаламақ.

  • 3 Қыркүйек 2013
  • 333
Фото - Caravan.kz

Поициядан өзге сондай-ақ фестивальдің ойдағыдай өтуін арнай қосалқы күзет күші де жұмылдырылып отыр. «Алматым – іңкәрім менің» музыкалық мерекенің басталуына небәрі 5 тәулік қалғанын айта кетейік. Қазірдің өзінде 7 мың адамға арналған шақыру билеттерінің тең жартысы үлестірілген. Фестивальға биыл билетпен емес, шақыртумен кіруге болады. Олар радио тораптар мен әлеуметтік желілерде ұтысқа салынуда. Сондай-ақ, «Gazeta.kz» сайтына тіркелу арқылы да алуға болады. Онсыз концертке кіру мүмкін емес. Тағы бір жаңалық, фестиваль өтетін жер – Халықаралық трамплин кешеніне арнайы автобуспен болмаса, жеке көлікпен баруға тыйым салынған.


Динара Тұрсынова, «Алматым – іңкәрім менің» фестивалінің баспасөз хатшысы:

— Фестивальге тек шақыру билетімен ғана кіргізіледі. Қазір көрермендердің тең жартысы сайттан өздері билетті өткізіп алған. Шақыру билеттері міне, мынадай болуы тиіс. Арнайы жеке-жеке прокодпен белгіленген.