Ақмола облысында Мәлік Ғабдуллинге ескерткіші қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында Мәлік Ғабдуллинге ескерткіші қойылды

Ақмола облысында Мәлік Ғабдуллинге ескерткіші қойылды

Ақмола облысында Ұлы Отан соғысының батыры, жазушы Мәлік Ғабдуллинге ескерткіш қойылды. Белгілі тұлғаның осы уақытқа дейін Қазақстанда ескерткіші болмаған.

  • 3 Қыркүйек 2013
  • 330
Фото - Caravan.kz

100 жылдық мерейтойы қарсаңында бой көтерген мүсіннің биіктігі 3 метр. Бетоннан қашалған. Зеренді кенті –Мәлік Ғабдуллиннің туған жері. Қазақ ғылымында өзіндік із қалдырған, кешегі қан майданда Ұлы Отан соғысында өшпес ерлігімен танылып, батыры атанған қазақтың Мәлігінің есімі бүгін тағы жаңғырды. Батырдың бейнесі нақ сомдалып жасалып, халқына ойлана көз тастаған келісті келбеті оның туыстарына да ұнады.


Майдан Мәлікқызы, М.Ғабдуллиннің қызы:

— Ол менің әкем ғана емес, барлық қазаққа ортақ. Азаматтарға көп рахмет. Үкіметке дейін өтініш білдіріп, бір ескерткіш қоюын сұрап, көп жыл күтіп жүрдім.