Қарағанды билігі «Шахтердің» құрметіне ескерткіш қойып, күлкіге қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды билігі «Шахтердің» құрметіне ескерткіш қойып, күлкіге қалды

Қарағанды билігі «Шахтердің» құрметіне ескерткіш қойып, күлкіге қалды

Қарағанды билігі «Шахтер» футбол клубының құрметіне ескерткіш орнатамыз, -деп, күлкіге қалды. Ала допты діңгегіне анау-мынау емес скотчпен шаптап, қаланың қақ ортасына қойыпты. Мұны көргендер айтарға сөз жоқ деп бас шайқаса, кейбірі мынадай сайқымазақ жасап ғаламторға жариялап жіберген.

  • 3 Қыркүйек 2013
  • 305
Фото - Caravan.kz


Шотландиялық «Селтикпен» болған бірінші кездесуден шабыттанған қала билігі Шахтердің құрметіне орталық саябақта команда гүлзарын ашып, ескерткіш орнатқан. Сондағы сән салтанатты облыс әкімінің өзі бастап, қалғаны қоштап шат шадыман болған еді. Алайда аты дардай болғанымен кәдімгі резинадан жасалған доп ертесі -ақ ауып түсіпті. Жөндеуге алып кетті деп алаңдап жүрген жұрт алдына осы доп бүгіндері қайта қойылды. Бірақ, амалы табылмаған ала доп ақыры діңгегіне скотчпен маталып тасталған екен.