«Қазпошта» бөлімшесі өртеніп, ондаған отбасы тұрмыстық техникасыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазпошта» бөлімшесі өртеніп, ондаған отбасы тұрмыстық техникасыз қалды

«Қазпошта» бөлімшесі өртеніп, ондаған отбасы тұрмыстық техникасыз қалды

Қызылордада «Қазпошта» бөлімшесі өртеніп, ондаған отбасы тұрмыстық техникасыз қалды. Алдын ала болжам бойынша, өрт поштаның операциялық залындағы сымдардың қысқа тұйықталуынан басталған.

  • 3 Қыркүйек 2013
  • 341
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп, бір желіден қуат алып отырған поштаның үстіндегі тұрғын үйлерде электр қондырғылары істен шығыпты. Отыз пәтердің он шақтысында теледидар, қысқа толқынды пештер, компьютерлер түгел күйген. Енді тұрғындар шығынды кімнен өндіріп аларын білмей дал. Поштада да құжаттар мен техника жанып кеткен.

Арайлым Шәкенова, Қызылорда қаласының тұрғыны


— Дискі көріп жатқанда, өзінен- өзі телевизор жанды. Бірінші
DVDжанды, сосын барып тв жанды. Неден шығар дедік та, сосын анау музыкальный центрді қостық. Еще баламның компьютерін қостым….мен де қоймаймын ғой…бәрі жанып кетті. Қайта тоңазытқышты суырып үлгердім. Қарасақ, пошта жанып жатыр.