Жоғары сот Челах ісін қайта тергеуден бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғары сот Челах ісін қайта тергеуден бас тартты

Жоғары сот Челах ісін қайта тергеуден бас тартты

Челах ісі қайта қаралмайтын болды. Адвокат Серік Сарсеновтың арызына қатысты Жоғары соттың Қылмыстық  істер коллегиясы бүгін  осындай шешім шығарды.

  • 3 Қыркүйек 2013
  • 362
Фото - Caravan.kz

Бұл — Челах үшін еліміздегі соңғы сот инстанциясы болатын. Алайда оған  шекарашының адвокаты, яғни шағымданушы Серік Сарсеновтың өзі келген жоқ. Ол Челахқа кесілген үкім әділетсіз және жалпы бұған дейінгі сот процесі заңсыз өтті деп арызданған-ды. Естеріңізге салсақ, Владислав Челах Арқанкерген бекетінде 14 қызметтесі мен бір қорықшыны қырып салғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын. Қарағандылық шекарашының туыстары енді шағымды халықаралық ұйымдарға жасамақшы.


Светлана Ващенко, В. Челахтың анасы:

— Жоғары сот дәл осындай әділетсіз болады деп ойламаппым. Бірақ бұл -соттың соңы емес. Біз әлі Президентке, тіпті Халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдарына шағымданамыз.