Жамбыл облысының ІІД басшысы жергілікті жолдардағы автокөлік апаттарында қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысының ІІД басшысы жергілікті жолдардағы автокөлік апаттарында қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Жамбыл облысының ІІД басшысы жергілікті жолдардағы автокөлік апаттарында қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Жамбыл облысының ІІБ бастығы бүгін БАҚ-қа арналған брифингте Жамбыл облысының жолдарындағы автокөлік апаттарында зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

  • 3 Қыркүйек 2013
  • 459
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі брифинг екі ірі резонансты жол-көлік оқиғасына арналады, — деді полиция полковнигі Бекет Аймағамбетов. — Жол қозғалысы қауіпсіздігіне жауап беретін органның басшысы ретінде, болған оқиғаларға бір жағынан мен де жауаптымын. Жан түршігерлік апаттарда зардап шеккендер мен қаза тапқандардың барлық туыстары мен жақындарына көңіл айтамын».

Еске сала кетейік, 25 тамыз күні, Қордай ауданында, Алматы — Ташкент автокөлік жолының 185 шақырымында екі «Аudi-100» маркалы автокөлік қақтығысып қалды. ЖКО салдарынан оқиға орнында екі көліктің де жүргізушілері мен жолаушылары қаза тапты.

Одан әрі 31 тамыз күні сағат 06:45-те Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылына жақын жерде, салынып жатқан «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» жолында, Алматы — Ташкент автокөлік жолының 373 шақырымында, Астана — Шымкент (Жетісай) бағытындағы көліктің артынан жүріп келе жатқан 52 жолаушысы бар «Сетра» автобусы Құлан ауылынан Меркі ауылына жүріп келе жатқан рулінде 24 жастағы жүргізуші отырған «SHACMAN» жүк автокөлігімен қақтығысып қалды, дереу қарсы қозғалыс жолағына өтіп кетіп, Оңтүстік Қазақстан облысының 37 жастағы жүргізушісі айдап келе жатқан «SETRA» автобусымен қақтығысып қалды.

ЖКО салдарынан оқиға орнында автобустың екі жүргізушісі мен сегіз жолаушысы көз жұмды, 34 адам жарақат алды. Автобустың тағы екі жолаушысы Құлан ауылының ОАА жансақтау бөлімінде көз жұмды.


«Қазір ауруханада ЖКО-дан зардап шеккен 10 адам жатыр, олардың екеуі жансақтау бөлімінде. Қазақ тапқандардың біреуі — 12 жастағы бала. Автобустың барлық зардап шеккен жолаушылары ОҚО Мақтаарал ауданының тұрғындары, екеуі — Өзбекстанның азаматы», — деп нақтылады Б. Аймағамбетов.

Жамбыл гарнизонының басшысы журналистерге осы жылдың сегіз айында Жамбыл облысының автокөлік жолдарында 191 адам қаза тауып, 1 626 адам жарақат алған 999 ЖКО тіркелгені туралы мәлімет берді. Көлік апаттарының көбісі жолаушылар транспортымен байланысты.

«Барлық фактілер бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде, жол-көлік оқиғаларының себептері тергеу қорытындылары бойынша жарияланады, — деді Жамбыл облысы ІІД басшысы. — Алайда, біз жауапкершіліктен бас тартпаймыз. Аталған көлік апаттарының алдын алуға болатын болса, онда қате бізден кетті. Ендігіде ондай қателіктерді жібермеуіміз керек».

Б. Аймағамбетов атап айтқандай, Жамбыл облысының әкімі «Аймақтағы ЖКО-ны азайту жөніндегі кешенді іс-шаралардың жоспарына» қол қойды, материалдық-техникалық базаны күшейтуге, күзетті күшейтуге қаражат бөлінуде.

«Жағдай жақсарады деп сенеміз», — деп түйіндеді облыстың бас полиция қызметкері.