«Астана-Ақтөбе» бағытындағы жүрдек жолаушылар пойызы бір рейске өз қатынасын тоқтатады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана-Ақтөбе» бағытындағы жүрдек жолаушылар пойызы бір рейске өз қатынасын тоқтатады

«Астана-Ақтөбе» бағытындағы жүрдек жолаушылар пойызы бір рейске өз қатынасын тоқтатады

Техникалық себептерге байланысты Астанадан 9 қыркүйекте, Ақтөбеден 10 қыркүйекте аттанатын «Астана-Ақтөбе» қатынасындағы №87/88 «Ақтөбе» жүрдек жолаушылар пойызы бір рейске өз қатынасын тоқтатады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Қыркүйек 2013
  • 585
Фото - Caravan.kz

Осы рейске билет сатып алған жолаушыларға теміржол билетінің 100 пайыздық құны қайтарылады, немесе сәйкес пойыз маршруттары ұсынылады.

Мәселен, Астанадан Ақтөбеге баруға ниет білдірген жолаушылар 10 қыркүйек күні сағат 18.35-те №57 «Астана-Орал» жолаушылар пойызымен Астана станциясынан Ақтөбе станциясына дейін бара алады (Ақтөбеге 12.09.2013 жылы 00 сағат 42 минутта жетеді).


Ақтөбеден жолаушылар 11 қыркүйек күні 9 сағат 48 минутта Ақтөбе станциясынан Астана станциясына дейін №58 «Орал-Астана» пойызына отырып, Астанаға 12.09.2013 жылы 14 сағат 17 минутта жете алады.