Қытаймен ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытаймен ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі

Қытаймен ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі

Қытаймен ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елші болып жаңадан тағайындалған бірқатар елшіден Сенім грамотасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

  • 4 Қыркүйек 2013
  • 525
Фото - Caravan.kz

«Қытай Халық Республкасымен ынтымақтастығымыз біздің сыртқы саясаттағы басым бағытымыздың бірі болып саналады. Біз бүгін жан-жақты стратегиялық серіктестік рухында екіжақты өзара іс-қимыл қарқыны ұдайы артып келе жатқанын көріп отырмыз», — деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда ҚР Президенті ҚХР-дің төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға алдағы алғашқы мемлекеттік сапары нәтижесінде жаңаша дамитынына сенім білдірді.

«Елші мырза, сіздің біздің халықтарымыздың арасындағы сенім мен түсіністікті одан әрі жалғастыра беруге күш салатыныңызға кәміл сенеміз», — деді Н. Назарбаев.