Қазақстан Грузиямен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға мүдделі - Елбасыя - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Грузиямен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға мүдделі - Елбасыя

Қазақстан Грузиямен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға мүдделі - Елбасыя

Қазақстан Грузиямен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға мүдделі. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші болып жаңадан тағайындалған бірқатар шетел дипломатынан сенім грамотасын қабылдаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

  • 4 Қыркүйек 2013
  • 428
Фото - Caravan.kz


«Грузиямен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға, нығайтуға Қазақстан мүдделі. Оның маңызды сауда және саяси серіктес ретіндегі мәртебесін сақтауды біз көздеп отырмыз», — деді Елбасы.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, бүгінгі екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібінде транзит, көлік, әлеуметтік даму, кең ауқымды шарттық құқықтық база құру, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар аясын ұлғайту мәселелері тұр.