Словакиямен өзара тиімді ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру қажет - Н. Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Словакиямен өзара тиімді ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру қажет - Н. Назарбаев

Словакиямен өзара тиімді ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру қажет - Н. Назарбаев

Қазақстан Словакиямен өзара тиімді ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруі қажет. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші болып жаңадан тағайындалған бірқатар шетел дипломатынан сенім грамотасын қабылдаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

  • 4 Қыркүйек 2013
  • 416
Фото - Caravan.kz

«Словакия Республикасымен өзара тиімді ынтымақтастықты жаңа, сапалы деңгейге көтеруіміз қажет. Бұл үшін бізде барлық қажетті мүмкіндік бар»,- деді ҚР Президенті.

Бұл ретте Елбасы машина жасау, энергетика, көлік-коммуникациялық, инфрақұрылымдық, құрылыс, металлургия, химия өнеркәсібі салаларында бірлескен жобаларды іске асыру үшін Қазақстанның әлеуеті жеткілікті екендігін баса айтты.

«Словакиямен серіктестік қарым-қатынасымыз одан әрі дами түседі деп үміттенеміз», — деді Н.Назарбаев.