Путин Сирияда химиялық шабуыл жасалғаны туралы бейне кадрлардың түпнұсқалығына күмән келтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Путин Сирияда химиялық шабуыл жасалғаны туралы бейне кадрлардың түпнұсқалығына күмән келтірді

Путин Сирияда химиялық шабуыл жасалғаны туралы бейне кадрлардың түпнұсқалығына күмән келтірді

Сирияда химиялық шабуыл кезінде қаза тапқан балалар туралы бейне материалдарда  "Бұған кім кінәлі?"  деген сұраққа жауап бермейді. РФ президенті Владимир Путин осылай деп мәлімдеді.
           «Бұл «әл-Каидамен» байланысы бар және үнемі асқан қатыгездігімен ерекшеленетін содырлардың құрастырғаны болуы мүмкін деген пікір бар», - деді В.Путин Бірінші арна мен Associated Press агенттігіне берген сұхбатында.
           Кремль ресми сайтының хабарлауынша, В.Путин «бұл кадрлардың жан түршіктіретінін» және мәселе «кімнің кінәлі екендігінде» деп атап өткен. Ол аталған кадрларда ата-аналар да, медицина қызметкерлері де көрінбейтініне мән берген.
           «Бұл неғылған адамдар және онда не болды? Бұл сұрақтың жауабы жоқ. Ол суреттер денеңді түршіктіреді, бірақ олар біреудің кінәсін мойнына қойып бере алмайды және бұл зерттеуді қажет етеді» - деді В.Путин.

  • 4 Қыркүйек 2013
  • 354
Фото - Caravan.kz

Сирияда химиялық шабуыл кезінде қаза тапқан балалар туралы бейне материалдарда  "Бұған кім кінәлі?"  деген сұраққа жауап бермейді. РФ президенті Владимир Путин осылай деп мәлімдеді.


           «Бұл «әл-Каидамен» байланысы бар және үнемі асқан қатыгездігімен ерекшеленетін содырлардың құрастырғаны болуы мүмкін деген пікір бар», — деді В.Путин Бірінші арна мен Associated Press агенттігіне берген сұхбатында.
           Кремль ресми сайтының хабарлауынша, В.Путин «бұл кадрлардың жан түршіктіретінін» және мәселе «кімнің кінәлі екендігінде» деп атап өткен. Ол аталған кадрларда ата-аналар да, медицина қызметкерлері де көрінбейтініне мән берген.
           «Бұл неғылған адамдар және онда не болды? Бұл сұрақтың жауабы жоқ. Ол суреттер денеңді түршіктіреді, бірақ олар біреудің кінәсін мойнына қойып бере алмайды және бұл зерттеуді қажет етеді» — деді В.Путин.