Финляндия демократияны, азаматтық қоғам мен адам әлеуетін дамытуда Қазақстанды қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Финляндия демократияны, азаматтық қоғам мен адам әлеуетін дамытуда Қазақстанды қолдайды

Финляндия демократияны, азаматтық қоғам мен адам әлеуетін дамытуда Қазақстанды қолдайды

Финляндия демократияны, азаматтық қоғам мен адам әлеуетін дамытуда Қазақстанды қолдайды. Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырған Финляндияның Қазақстан Республикасына жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Илкка Унто Калерво Райсанен осылай деді.

  • 4 Қыркүйек 2013
  • 665
Фото - Caravan.kz

Финляндия Қазақстанның сауда мен экономиканы дамыту салаларындағы ынтымақтастық бастамаларына қолдау білдіретіндігін атап өткен Елші: «Халықаралық аренадағы Қазақстанның саяси әрі экономикалық маңыздылығы үнемі арта түсуде. Тұрақтылық Қазақстан үшін маңызды міндет. Финляндия демократияны, заң үстемдігін, азаматтық қоғам мен адам әлеуетін дамытуда Қазақстанды көтермелеп, қолдау білдіреді», — деді.

Сонымен қатар ол Қазақстанды әлемдегі экономикалық өсімі барынша жылдам қарқын көрсетіп отырған елдердің бірі санайтындығын баса айтты.