Қазақстанда 7-қыркүйекте аң аулау маусымы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 7-қыркүйекте аң аулау маусымы басталады

7- қыркүйектен бастап Қазақстанда суда жүзетін жабайы құстарды, тұяқты жануарлар мен жабайы аңдарды аулау маусымы басталады.
           Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қаулысына сәйкес, оларды аң шаруашылықтары аумағында ғана аулауға рұқсат етілмек.
           Әуесқой аңшылардан аңшы куәлігі; куәлікті жыл сайын тіркеу ақысын төлегені туралы түбіртек; жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат; аңшылық шаруашылығы нысанының жолдамасы; атыс қаруымен аң аулағанда – ішкі істер органдарының арнайы рұқсаты; алғыр жыртқыш құстармен аң аулағанда – тіркеу туралы құжат талап етіледі.
           Ал, тұяқты жануарлар мен қоңыр аюды аулауға қорықшы немесе жануарлар әлемін қорғау, пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектор қатысуы тиіс. Олар аңның атып алынғаны туралы белгі соғады, делінген хабарламада.
           Қазақстан аумағында құстың 59 түрі мен 34 түрлі сүтқоректі қорғауға алынған. Қазіргі таңда елімізде 634 аң шаруашылығы бар, онда 2447 қорықшы жұмыс істейді. Республикада 130 мыңнан астам аңшы тіркелген.

  • 4 Қыркүйек 2013
  • 2323
Фото - Caravan.kz