ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі Дунья Миятович қылмыстық және әкімшілік заңдардың жаңартылуына байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр.
«Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясында кәсіби журналистиканы институт ретінде қорғау сынды жағымды тұстары да бар. Бірақ, онда сөз бостандығы мен БАҚ еркіндігін шектейтін, тіпті бақылауды күшейтетін санкциялар бар», — дейді ол Мәжілістің заң және сот-құқықтық реформа комитеті төрағасы Рахмет Мұқашевке жолдаған хатында.
Сонымен қатар, ол жаңа жобада жала жабу туралы баптың сақталып қалғанына өкініш білдіреді.
Өкілді болмашы заң бұзушылықтар үшін бұқаралық ақпарат құралының қызметін тоқтату немесе тиражын тәркілеу сынды шаралар да алаңдатып отырған көрінеді.