Қазақстан терроризммен аймақтарды дамыту және жұмыссыздықты жою деңгейін теңестіру арқылы күреспек - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан терроризммен аймақтарды дамыту және жұмыссыздықты жою деңгейін теңестіру арқылы күреспек

Үкімет терроризмге қарсы күрес бағытындағы жұмысты ұйымдастыру ережелерін өзгертті.
           Премьер-министр Серік Ахметовтің қолы қойылған қаулы сәрсенбі күні нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық жүйесінде жарияланды.
           Жаңартылған ережеде терроризмнің алдын алу үшін ақпараттық-саяси шаралар өткізіп қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу ұсынылып отыр.
           Атап айтсақ, бұдан былай билік терроризммен жекелеген аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсарту және аймақтардың даму деңгейін теңестіру, жұмыссыздықты жою және халықты әлеуметтік қорғау шараларын күшейту арқылы күреспек.
           Сонымен қатар, арнайы оқу-жаттығулар арқылы азаматтардың төтенше жағдайларға дайындығы тұрақты түрде тексеріліп отырмақ.
           Оған қоса халыққа терроризмге қарсы күрес мәселелері жан-жақты түсіндірілетін болады.

  • 4 Қыркүйек 2013
  • 557
Фото - Caravan.kz