Жиырма екінші сауалнамаға «Қайраттың» словак ұстазы Владимир Вайсстан басқа премьер-лига клубтарының барлық бас жаттықтырушылары және 12 футболшы қатысты.
Әр сауалнамаға жауап беруші өз пікірі бойынша Қазақстан чемпионатына барлық қатысушылар арасынан үш үздік футболшыны атаған. Бірінші орын алған футболшы үш ұпай, екінші орын үшін — екі ұпай, үшінші орын үшін — бір ұпай алады. Сауалнамада барлығы 27 футболшының (өткен айда 34) аты-жөні айтылған.
Сонымен, 22 жастағы Өскемен футболының түлегі, «Шахтердің» шабуылшысы Сергей Хижниченко тамыздың жеңімпазы болды. Чемпиондар Лигасының үш жарысында Сергей Хижниченко қақпаға екі гол соқты, сондай-ақ, ол соққан гол Қазақстан және Грузия құрамаларының жолдастық жарысында жеңіске жеткізді. Жеңімпаз 28 ұпайды еншіледі.
«Шахтёрдің» 32 жастағы қақпашысы Александр Мокин екінші орынды иеленді. Қақпашының тамаша ойыны кеншілерге Чемпиондар Лигасының плей-офф раундына дейін жетуге мүмкіндік берді және қарағандылықтар Чемпиондар Лигасының топтық раундына өтуіне сәл ғана қалған. Еске сала кетейік, 2013 жылдың шілде айында Александр Мокин айдың үздік ойыншысы болып танылды. Александр Мокиннің еншісінде 20 ұпай бар.
3 орынға 28 жастағы «Ақтөбенің» өзбек шабуылшысы Александр Гейнрих жайғасты. Футболшы, чемпионатта «Қайратты», сондай-ақ, Еуропа Лигасында исландиялық «Брейдабликті» жеңуге көмектескен. Ал Киев «Динамосына» қарсы жарыстарда Гейнрих батыс қазақстандықтардың құрамында үздік болды. Ол 16 ұпайды жинады.