ТМРА басшысы Ақмола облысына сапарлайды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМРА басшысы Ақмола облысына сапарлайды

ТМРА басшысы Ақмола облысына сапарлайды

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов бүгін Ақмола облысына барады.

  • 5 Қыркүйек 2013
  • 252
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ТМРА баспасөз қызметінен хабарланды.

Ведомство басшысы жұмыс сапары барысында Көкшетау қаласындағы халыққа коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындарда инвестициялық бағдарламаларды орындау шеңберінде жаңғырту мен қайта құру барысымен танысады.

Сондай-ақ еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары, жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, бизнес-бірлестіктері, табиғи монополиялар субъектілері, бұқаралық ақпарат құралдарын шақыру арқылы «Ашықтық — тарифтік саясаттың басым бағыты» атты «дөңгелек үстел» отырысын өткізеді.


«Дөңгелек үстел» барысында қатысушылар тарифтік саясатты, монополистерді реттеу саласындағы мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықтар іс-қимылын одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылап, табиғи монополия субъектілерінің басшылары инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы әңгімелеп береді.

Күннің екінші жартысында ТМРА басшысы Степногорск қаласындағы монополистердің нысандарына барып, содан соң «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.