«Бұл — Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының мәліметі. Адам денсаулығының 40 пайызы оның өзіне тікелей байланысты болса, 15-30 пайызы генетикалық фаторлардың әсері болып саналады. Денсаулықтың 15 пайызы қоршаған ортаға тиесілі. Ал дәрігерлердің көмегі тек 10 пайызды ғана құрап отыр», — дейді С.Әбдірайымов. Маман атап көрсеткендей, халықтың денсаулығы — қуатты экономиканың негізі. Осы қағидатты бүгінгі ұрпаққа барынша жеткізе білу керек.