Қарағанды облысында автобустың теміржол құрамымен соқтығысуы салдарынан "Қазақмыс" ЖШС корпорациясының" Жезқазғанцветмет өндірістік бөліміне қарасты Солтүстік-Жезқазған руднигінің тоғыз қызметкері зардап шекті.
Бейсенбіде компаниядан таралған ақпаратта атап өтілгендей, апат өткен сәрсенбіде астаналық сағат 22:00 шамасында Сәтпаев қаласына жақын жерде болған.
Жол апаты салдарынан тоғыз адам зардап шеккен. Бесеуіне көмек көрсетілді, төртеуі ауруханаға жатқызылды. Біріне операция жасалды.
Қазір оқиғаны зерттеуші арнайы комиссия құрылған.