Қытайда шенеунікті қымбат сағат таққаны үшін 14 жылға соттады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда шенеунікті қымбат сағат таққаны үшін 14 жылға соттады

Қытайда шенеунікті қымбат сағат таққаны үшін 14 жылға соттады

Жол-көлік оқиғасы орнында күлімдеп түрған фотосурет арқылы танымал болған қытайлық шенеунік жемқорлық үшін 14 жылға абақтыға жабылды. Сот Ян Дацай пара алғаны үшін айыпты деп таныды. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.

  • 5 Қыркүйек 2013
  • 396
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, Шэньси провинциясының Еңбек қуіпсіздігі басқармасының бұрынғы басшысы 2012 жылдың тамызында 36 адам опат болған жол-көлік оқиғасы орнында күлімдеп тұрған жерінде фотосуретке түсіп қалғаннан кейін интернет-пайдаланушылардың ашуын келтірген еді.

Осыдан кейін блогерлер осы және басқа да фотосуреттерде Ян Дацайдың элиталы маркаға жататын қымбат сағатын байқап қалған. Бұл өз кезегінде тергеу жүргізуге себеп болды.

Интернет-пайдаланушылардың пікірінше, шенеунік мемлекеттік қызметкердің жалақысына осынша құнды сағатты алуға қауқарсыз.


Өткен жылы оны Шэньси провинциясындағы қызметінен босатып, ал биылғы ақпанда коммунистік партиядан да шығарылған болатын.