СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

“Астана” велокомандасының лидері Винченцо Нибали әйгілі көпкүндік “Вуэльтаның” 11-ші кезеңінде көш бастады. Отандық команданың капитаны жекелей сында 4-ші нәтиже көрсетіп, жалпы есептегі жағдайын едәуір жақсартып алды.

  • 6 Қыркүйек 2013
  • 303
Фото - Caravan.kz

Ал бұл кезеңдегі үздік нәтиже швейцариялық Фабиан Канчеллараға тиесілі. Германиялық Тони Мартин мен италиялық Доменико Поццовиво тиісінше екінші үшінші орында. Жалпы есепте Нибали жақын қарсыласы ирландиялық Николас Рошеден 33 секунд алда. Ал испандық велошабандоз Алехандро Вальверде үштікті қортындылап тұр. Естеріңізге сала кетсек “Астана” командасының өкілі Нибалиды 3-ші қыркүйекте басынан ара шағып алған. Аздаған ыңғайсыздыққа қарамастан италиялық велошабандоз бас жүлдеден үмітті.

 

 

Теннистен Америка ашық чемпионатының ширек финал кездесулері аяқталды. Ерлер арасында француз Ришар Гаске мен Давид Феррер арасындағы тартыс жанкүйерлер көңілінен шықты. 

Үш жарым сағатқа созылған 5 сеттік бәсекеде табандылық танытқан Гаске жеңісті тойлады. Алғашқы екі партияны қиналмай алған француз артынша қос сетте де қарсыласының мықтылығын мойындады. Ал шешеуші сетте жинақы ойын көрсеткен Гаске жартылай финалға жолдама алды. Енді оның келесі қарсыласы испандық шебер Рафаэль Надаль. Бұл жұпта Надаль сөзсіз фаворит. Өйткені Гаске испандыққа қарсы өткізген 10 кездесудің барлығында жеңілген. Өзге жартылай финал жұбын ресейлік Михаил Южный мен серб Новак Джокович құрап отыр.

 


 

WBA тұжырымы бойынша бокстан әлем чемпионы қазақстандық Генадий Головкин 2-ші қарашада Нью-Йорк қаласында америкалық Кертис Стивенспен қолғап түйістірмек.

Бүгін қос қарсылас баспасөз маслихатына қатысты. Шаршы алаңда 27 кездесу өткізген қазақстандық соның 24-ін нокаутпен аяқтаған. Өз кезегінде америкалық 25 рет жұдырықтасып, соның 3 де ғана жеңілген. Журналистер алдында ұстамдық танытқан қос қарсылас енді тынымсыз дайындыққа көшпек. Өз кезегінде Головкин қарсыласының осал еместігін айтып, чемпиондықты сақтап қалатынына сенім білдірді. Сондай-ақ Геннадий келесі жылы аргентиналық Серхио Мартинеспен де қолғап түйістіретінін мәлімдеді.