Алматыдағы хауанаттар бағы бірнеше жануарлармен толықты - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы хауанаттар бағы бірнеше жануарлармен толықты

Алматыдағы хауанаттар бағы бірнеше жануарлармен толықты

Алматыдағы хайуанаттар бағы бірнеше жануармен толықты. Осындағы зебралардың бірі төлдеген. Сонымен қатар, жақында Ресейден екі пума мен оңтүстік америкалық салпыерін әкелінді.

  • 6 Қыркүйек 2013
  • 274
Фото - Caravan.kz


Ұрғашы зебра өткен айдың соңында туыпты. Қазір төлі жанында шапқылап жүр. Тұяқтылар санатына жататын жануардың бұл түрі 3-4 айға дейін енесінің сүтімен қоректенеді. Ал, Мәскеу циркінен әкелінген пумалар келушілердің көзайымына айналып үлгерген. Бір жасар Шиба мен Томас жергілікті ауа-райына бейімделуде. Бұдан өзге, Калининград хайуанаттар бағынан оңтүстік америкалық салпыерін жеткізіліпті. Зообақ қызметкерлері ортаға бейімделе қоймаған аңды біршама уақыт өткеннен кейін ғана келушілердің назарына ұсынбақ. Сондай-ақ алдағы уақытта зообаққа ягуар әкелінеді деп күтілуде.