Павлодарда 6 сынып оқушысы өз-өзіне қол салды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда 6 сынып оқушысы өз-өзіне қол салды

Павлодарда 6 сынып оқушысы өз-өзіне қол салды

Павлодарда 12 жастағы жеткіншек кимоносының белбеуіне асылып өлді. Тәтіп сақшылары «бала суицид жайлы сайттарды қарағаннан кейін өз-өзіне қол салған» деген болжамды алға тартып отыр.

  • 6 Қыркүйек 2013
  • 246
Фото - Caravan.kz


Оқиға түскі уақытта, бала мектептен оралған кезде болған. Жарты сағатқа сыртқа шыққан анасы қайтып келгенде ішінен жабылған есікті аша алмапты. Ақыры үйге бұзып кіргенде есік жақтауына бекітілген темірге асылып отырған ұлын көрген. Оқуда үздік, достары арасында ақкөңіл бала самбомен шұғылданыпты. Әзірге оның бұндай қадамға баруына ғаламтордағы суицидке итермелейтін сайттар болуы мүмкін деп отыр тәртіп сақшылары. Қазір оның компьютері жіті тексерілуде.