Көкшетауда хиджаб үшін шу шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда хиджаб үшін шу шықты

Көкшетауда хиджаб үшін шу шықты

Көкшетауда хиджаб үшін шу шықты. Мектеп формасының орнына хиджаб киіп келген 6 және 7 жастағы апалы-сіңілі қыздарға білім ошағының басшылығы орамалдарын шешуді талап еткен. Бірақ, мұсылман жолымен жүрміз деген олардың ата-аналары бұған үзілді кесілді қарсы. Айтуларынша, қыздарының мұсылман киімін киіп жалпы білім беретін мемлекеттік мекемеге оқуға келуіне ешкім де тиым сала алмайды. 

  • 6 Қыркүйек 2013
  • 392
Фото - Caravan.kz

Кішкентай Әмина 1-ші, ал оның сіңілісі София даярлық сыныбына барулары тиіс биыл. Бірақ, мектеп басшылығы оларды мына үстіндегі киімдерімен қабылдағысы жоқ. Қыздарын сабаққа хиджаппен жібермеулерін олар ата-аналарына алғашқы күннен-ақ ескерткен екен.

Екі қыздың әкесі Андрей Панченконың ұлты орыс. Әйелі қазақ болған соң ислам дінін қабылдаған. Қыздарына да балиғат жасына толмағанына қарамастан хиджап кигізіпті.

Андрей Панченко, Көкшетау қаласының тұрғыны:

— Үйге сынып жетекшісі телефон шалды, егер балалар мектеп формасымен келмесе, кіргізбейміз, бұл директордың ауызша бұйрығы деді. Директор өзі менімен кездесуден қашып жүр. Неге өзіммен ашық сөйлеспейді. Балалар бүгін тағы сабақтан қалды.

Мұсылманша киінген қыздарын мектеп партасына отырғызу үшін ата-анасы тіпті заңгерін ертіп келген. Сондықтан мектеп директорының олармен кездеспеуіне амалы қалмады. 


Жанат Хасенова, Көкшетау қаласындағы №12 орта мектебінің  директоры:

— Білім туралы заң барлықтарына ол бірдей. Бірақ әр мекеменің Уставы бар. Оған қоса әр мекеменің ішкі ережесі бар. 

Бірақ қала бойынша, мектеп киіміне бірдей талап қойылады дегенге ешкім сене қоймайды. Мәселен, мына мектепте аппақ орамалы төгіліп, ұзын жең, кең етек көйлек киген мына қыз балалар емін еркін өзге оқушылармен сабақ алдындағы жаттығуын жасап тұр. Оларға таңырқап қарап тұрған ешкім жоқ.