Пьянзин Путинге қастандық жасамақ болғанын мойындады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пьянзин Путинге қастандық жасамақ болғанын мойындады

Пьянзин Путинге қастандық жасамақ болғанын мойындады

Пьянзин Путинге қастандық жасамақ болғанын мойындады. Отандасымыз енді ресейлік сот орындарының өзіне кешіріммен қарайтынына сенім артып отырған көрінеді. Ал сот процесі ертең басталмақ.

  • 6 Қыркүйек 2013
  • 224
Фото - Caravan.kz


Ресейдің қауіпсіздік қызметі Пьянзинге Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағып отыр. Яғни президенттің өміріне қастандық жасауға оқталды, қылмыстық топқа қатысы бар, сондай-ақ, жарылғыш заттарды заңсыз сақтады және тасымалдады деп айыпталуда. Бұл баптармен отандасымыз өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. Енді, тергеушілермен біріккеннен кейін оның жазасы жеңілдеуі де ғажап емес. Естеріңізге салсақ, 28 жастағы Орал тұрғынын былтыр сыбайласымен бірге Одессада тұтқындалған еді. Ол қолға түспес бұрын өзі тұрып жатқан пәтерде жойқын жарылыс жасаған. Кейін қос күдіктінің де тапсырманы шешен лаңкесі Доку Омаровтан алғаны белгілі болды.