Асқазандағы ісікті кестіруге келген түркістандық жігіт ішінде бала жатқанын біліп жаға ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асқазандағы ісікті кестіруге келген түркістандық жігіт ішінде бала жатқанын біліп жаға ұстады

Асқазандағы ісікті кестіруге келген түркістандық жігіт ішінде бала жатқанын біліп жаға ұстады

Оңтүстік Қазақстанда 22 жастағы жігіттің ішінен дамымай қалған сәбидің денесі алынды. Бұл ер азаматтың аяғы ауыр болды деген сөз емес. Зайыр Әлімбаев анасының құрсағында жатқанда егізінің сыңары болған екен. Кейін онысы дамымай, Зайырдың ағзасына өтіп кеткен. Бұл туралы не жігіттің өзі, не ата-анасы 22 жыл бойы білмей келіпті. Іші ауырып, ауруханаға түскенде дәрігерлер ісік ауруына шалдыққансың деп түсіндірген. Тек жуырда, бала кезден келе жатқан «ісігіне» ота жасалған кезде, ағзадан алынған дененің өскін емес, өзінің туған бауыры екені анықталыпты. 

  • 6 Қыркүйек 2013
  • 601
Фото - Caravan.kz

Түркістандық Зайыр Әлімбаев ауруы арқылы аты шығатынын білмесе керек. Үш баланың әкесі бірнеше ай бұрын іш-құрылыс шаншып, ауруханаға түседі. Дәрігерлер тексере келе жігіттің ішінде үлкен ісіктің бар екенін анықтапты. Соңынан ота жасалғанда жағаларын ұстаған. Зайырдың ішіндегі ісік деп жүргені өзінің 22 жыл бұрын мерт болған туған бауыры екен.

Зайыр Әлімбаев:    

— Ішімде не бар дегенін анық айтқан жоқ. Алматыға жіберді лабороторияға.Анықтамасы келді  сен анадан туғанда егіз болғансың деді. Сен дамығансың да, ал егізің дамымай қалған деді. Ол сенің ішіңде қалып кеткен деді.   

Ішінде қалып қойған егізінің сыңары, өлі болса да осы уақытқа дейін ұзындығы 20 сантиметрге, ал салмағы 800 граммға жетіпті.

Денсаулығына зақым келтірмей, эмбрионды алып тастау үшін дәрігерлер 4 сағат бойына операция жасады.


Ерғали Абдуллаев,  хирург:

— Операциядан кейін ісікті кесіп көрдік, бөлшектеп. Бөлшектеген кезде ісіктің ішінде адамға тән қол, жауырын сүйегі, тіс және де аяқ сүйегі шықты жаңағы ісіктің ішінен. Сол кезде сирек кездесетін диагноз болып көрінген соң, тератома деген диагноз қойдық.

Қазір, отандық мамандар бұл феноменге зерттеу жүргізіп жатыр. Айта кетерлігі, Оңтүстікте мұндай оқиға тұңғыш рет болып отырған жоқ. 2003 жылы Шымкентте 7 жастағы баланың денесінен егізінің сыңары кесіп алынған болатын.